Skip to content

«Тыныштықтың бағасы»

8. Мәнмәтін:

Тапсырма сипаттамасы

КритерийлерТапсырманың құрылымы
Контекст  Қауіптер мен тәуекелдер;  
Жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктеріқұбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;қорытынды жасау үшін деректерді интерпретациялау және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану.
Бағалау нысаны (оқытудың пәндік нәтижесі)Мысалы, құбылысты түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану білімін қолдану.  
Тапсырманың күрделілік деңгейіОрта, жоғары
Жауап форматыБір дұрыс жауапты, Кеңейтілген жауаппен.

                                           «Тыныштықтың бағасы»

Мектеп оқушылары арасында соңғы уақытта ұйқысыздық пен стресс жиі байқалуда. 17 жастағы Дана емтиханға дайындалу кезінде кешке дейін оқып, ұйықтай алмай жүргенін айтады. Досы оған “тыныштандыратын” дәрі (седатив) ішуді ұсынады. Бірнеше күннен кейін Дана өзін сабырлы сезінгенімен, сабақта зейіні төмендеп, ақпаратты қабылдауы қиындай бастағанын байқайды.Депрессанттар - орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін заттар. Оларға алкоголь, есірткілер, кейбір тыныштандыратын дәрілер  жатады. Бұл заттар мидағы нейротрансмиттерлердің  әсерін күшейтіп, жүйке импульстарының берілуін тежейді. Соның нәтижесінде:
  • реакция уақыты баяулайды;
  • қозғалыс координациясы нашарлайды;  
  • ойлау және шешім қабылдау қабілеті төмендейді;

Кейбір депрессанттар медицинада (мысалы, ұйқыны реттеу немесе мазасыздықты азайту үшін) қолданылады, бірақ оларды дұрыс қолданбау:

  • тәуелділікке әкелуі мүмкін
  • есте сақтау қабілетін нашарлатады

Тапсырмалар:

1.1940 жылы Германияда ғалымдар зоолог Питерс пен фармаколог Питер Уитт өрмекшілерді зерттей бастайды. Олар өрмекшілерді есірткі заттармен қоректендіреді. Есірткінің әсерінен өрмекшінің қозғалысы, күштің төмендеуі байқалады. Өрмекші торға өрмелей алмай қалады.Опиаттер қай топқа жататынын көрсет.

A) Стимулятор
B) Антидепрессант
C) Депрессант
D) Галлюциногендер

Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.

          Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : С

2. Қазақстан өңірлерінің бірінде ұйқысыздық себептерін зерттеу нәтижесінде 17-25 жас аралығындағы азаматтардың дәрігерге шағымдануы жиі байқалған.

Кезең/ждәрігерге шағымданған азаматтардың саны %
201517
201821
202126
202429

А. Кестедегі деректерді қолданып дұрыс тұжырымды көрсет:

 Тұжырымдар                                 дұрысдұрыс емес
2015–2024 жылдар аралығында шағымданушылар саны тұрақты азайған  
2018 жылдан кейін көрсеткіш өзгеріссіз қалған  
2015–2024 жылдар аралығында шағымданушылар үлесі біртіндеп артқан  
2021 жылы көрсеткіш ең төмен болға  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  2015–2024 жылдар аралығында шағымданушылар үлесі біртіндеп артқан

В. Егер осы мәліметтер бойынша график салынса, ол қандай болады?

A) Төмендейтін сызық
B) Тұрақты (түзу) сызық
C) Жоғарылайтын сызық
D) Алдымен өсіп, кейін төмендейтін сызық

Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  С

3. Неліктен жастар арасында ұйқысыздықтың артуы мүмкін? Екі ғылыми негізделген себеп жазыңыз.

­­­­­­­­­­­—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-         

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану

  • жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
  • қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

  2 дұрыс себеп – 2 балл

  1 себеп – 1 балл

  Қате – 0 балл

Дұрыс жауап : Смартфон, экран қолданудың артуы ,Стресс және оқу жүктемесінің көбеюі , Гормондық өзгерістер , Ұйқы режимінің бұзылуы

4. Ұйқысыздықты азайту үшін екі тиімді және қауіпсіз ұсыныс беріңіз.

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді пайдалану, бағалау, шешім ұсыну

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : Ұйқы режимін сақтау,  Кешкі уақытта экран қолдануды шектеу Физикалық белсенділік, Дәріні тек дәрігер кеңесімен қолдану

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында темекі шегудің, алкоголизмнің таралу көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.Жасөспірімдер арасында алкогольге тәуелділік деңгейінің күрт төмендеуі көрсетілген.

Сұрақ: Қазақстанда 2020–2025 жылдары жасөспірімдер арасында алкогольге тәуелділіктің төмендеуі байқалды. Бұл өзгеріске әсер етуі мүмкін факторларды бағалаңыз.

ТұжырымдарИәжоқ
Кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға бақылаудың күшеюі көрсеткіштің төмендеуіне әсер етуі мүмкін.  
Жастар арасында спорт пен хоббидің дамуы тәуелділіктің артуына әкеледі.  
Мектептердегі алдын алу бағдарламалары бұл көрсеткішке әсер етпейді.  
Әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтының насихатталуы оң әсер етуі мүмкін.  
Ата-ананың бақылауының артуы жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болуына көмектеседі.

  
Психологиялық көмек қызметтерінің дамуы бұл үрдіске әсер етпейді.

  

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап :

5–6 дұрыс жауап → жоғары деңгей

3–4 дұрыс жауап → орта деңгей

0–2 дұрыс жауап → төмен деңгей

ТұжырымдарИәжоқ
Кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға бақылаудың күшеюі көрсеткіштің төмендеуіне әсер етуі мүмкін.  V 
Жастар арасында спорт пен хоббидің дамуы тәуелділіктің артуына әкеледі. V
Мектептердегі алдын алу бағдарламалары бұл көрсеткішке әсер етпейді. V
Әлеуметтік желілерде салауатты өмір салтының насихатталуы оң әсер етуі мүмкін.V 
Ата-ананың бақылауының артуы жасөспірімдердің зиянды әдеттерден аулақ болуына көмектеседі.

V 
Психологиялық көмек қызметтерінің дамуы бұл үрдіске әсер етпейді.

 V

6. Көптеген жастар «электронды темекіні зиянсыз» деп ойлайды. Бұл пікірді бағалаңыз.

A) Дұрыс, себебі тек су буы бар
B) Қате, себебі құрамында никотин мен зиянды заттар бар
C) Дұрыс, себебі тәуелділік тудырмайды
D) Дұрыс, себебі дәрі ретінде қолданылады

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Қате пікірін анықтау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір толық жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : В

7. Неліктен электронды сигарет жастар арасында танымал болуы мүмкін? Екі себеп келтіріңіз.

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап : Жарнама және әлеуметтік желілер әсері, Дәмдерінің көп болуы  «Зияны аз» деген қате түсінік

8. Жастар арасында вейп қолдануды азайту үшін екі тиімді ұсыныс беріңіз.

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап : Ақпараттық компаниялар жүргізу, Мектептерде түсіндіру жұмыстарын күшейту, Заңнаманы қатаңдату