7. Мәнмәтін:
Тапсырма сипаттамасы
| Критерийлер | Тапсырманың құрылымы |
| Контекст | Қауіптер мен тәуекелдер; |
| Жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктері | құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;қорытынды жасау үшін деректерді интерпретациялау және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану. |
| Бағалау нысаны (оқытудың пәндік нәтижесі) | Мысалы, құбылысты түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану білімін қолдану. |
| Тапсырманың күрделілік деңгейі | Орта, жоғары |
| Жауап форматы | Бір дұрыс жауапты, Кеңейтілген жауаппен. |
« Аурусыз оқу- иммундық жүйенің ең ақылды тәсілі »
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, вакцинация – адам қоздырғыштармен байланысқа түспей тұрып, аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация дененің табиғи қорғаныс механизмдерін пайдалана отырып, бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділік қалыптастырады және иммундық жүйені күшейтеді. Аурулар сияқты, вакцинация да иммундық жүйені белгілі бір антиденелер шығаруға үйретеді. Дегенмен, вакциналарда ауру тудыра алмайтын және асқынулар қаупін туғызбайтын қоздырғыштардың өлтірілген немесе әлсіреген түрлері ғана болады. Вакцина организмге «қауіпсіз оқу» мүмкіндігін береді: иммундық жүйе нақты ауруға қарсы қорғаныс механизмдерін қалыптастырады.
Тапсырмалар:
1. Вакцинацияның негізгі мақсаты қандай?
A) Ауруды емдеу
B) Иммундық жүйені алдын ала дайындау
C) Денені әлсірету
D) Бактерияларды көбейту
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В
2. «Вакциналарда ауру тудыра алмайтын және асқынулар қаупін туғызбайтын қоздырғыштардың өлтірілген немесе әлсіреген түрлері ғана болады». Осы дәлелге сүйене отырып, төмендегі тұжырымдардың қайсысы мәтінге сәйкес келеді?
| Деректер | дұрыс | дұрыс емес |
| Вакцина организмде ауруды қоздырады. | ||
| Вакцина иммундық жүйені нығайтады | ||
| Вакцина иммундық жүйені әлсіретеді. | ||
| Вакцинаға тек өлтірілген қоздырғыштарды қолданады | ||
| Вакцинаға ауруға қарсы әлсіреген, өлтірілген қоздырғыштарды қолданып ағзаға зиян тигізбей қарсы антиденелерді түзу |
Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : Вакцинаға ауруға қарсы әлсіреген, өлтірілген қоздырғыштарды қолданып ағзаға зиян тигізбей қарсы антиденелерді түзу
3. Түберкүлезге қарсы вакцинаны туылғаннан кейін 2–3-күні жасайды.
Суреттегі ақпаратты қолдана отырып, қоздырғыш адам ағзасына қайта енгеннен кейін иммундық реакция жылдамдығының өзгеруінің дұрыс тұжырымын көрсет

| дұрыс | дұрыс емес | |
| Вакцина ағзаға алғаш түскенде иммундық жауапты әлсіретеді , себебі ағзаға таныс қоздырғыш болған соң антиденелер тез күреседі | ||
| Вакцина иммундық жүйені нығайтады, ауруды қоздырады. | ||
| Вакцина иммундық жүйені әлсіретеді, ауруды қоздырады. | ||
| Вакцина ағзаға екінші рет түскенде иммундық жауап күшейеді, себебі ағзаға таныс қоздырғыш болғандықтан антиденелер тез күреседі | ||
| Вакцина ағзаға екінші рет түскенде иммундық жауап тұрақтанады, себебі ағзаға таныс қоздырғыш болғандықтан |
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану
- жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
- қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : Вакцина ағзаға екінші рет түскенде иммундық жауап күшейеді, себебі ағзаға таныс қоздырғыш болғандықтан антиденелер тез күреседі
4. Нақты ауруға шалдыққан кезде және вакцинацияланған кезде иммундық жүйенің жұмысы қалай ерекшеленеді?
Кестені толтырыңыз :
| Аспект | Нақты ауру (табиғи инфекция) | Вакцинацияланған кезде |
| Қоздырғыштың күші | ||
| Антиденелердің түзілуі | ||
| Ауру қаупі |
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
· Ғылыми дәлелдерді пайдалану, жүйелі ойлау, құбылысты салыстыру
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап :
| Аспект | Нақты ауру (табиғи инфекция) | Вакцинацияланған кезде |
| Қоздырғыштың күші | күшті | әлсіз |
| Антиденелердің түзілуі | баяу | жылдам |
| Ауру қаупі | қауіпті | қауіпсіз |