Skip to content

«Апокалипсиске қарсы сақтандыру- мұз құрсауындағы тіршілік банкі»

4. Мәнмәтін:

        «Апокалипсиске қарсы сақтандыру- мұз құрсауындағы тіршілік банкі»

Норвегиядағы Шпицберген архипелагында халықаралық тұқым қорын сақтайтын — адамзат үшін аса маңызды ғылыми нысан орналасқан. Ол теңіз деңгейінен шамамен 130 метр биіктікте және тау жыныстарының ішінде 120 метр тереңдікте салынған. Мұндай орналасу кездейсоқ емес: ғалымдар бұл орынды табиғи апаттардан, климаттың өзгеруінен және теңіз деңгейінің көтерілуінен қорғау үшін таңдаған. Бұл тұқым қорының негізгі мақсаты — жер бетіндегі өсімдіктердің генетикалық алуан түрлілігін сақтау. Мұнда әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған миллиондаған тұқым үлгілері сақталады. Егер белгілі бір аймақта өсімдіктер жойылып кетсе, осы қор арқылы оларды қайта қалпына келтіруге болады. Қойма арнайы жарылысқа төзімді камералармен және көп деңгейлі шлюздік есіктермен жабдықталған. Бұл қауіпсіздік жүйелері сыртқы қауіптерден қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тұқымдардың ұзақ уақыт бойы бұзылмай сақталуы үшін төмен температура қажет. Осы мақсатта табиғи мәңгі тоң (пермафрост) пайдаланылады, сондай-ақ қосымша тоңазытқыш қондырғылар орнатылған. Ғылыми тұрғыдан алғанда, бұл нысан — биологиялық әртүрлілікті сақтау, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және болашақ ұрпаққа табиғи ресурстарды жеткізу жолындағы маңызды қадам.

1. Тұқым қорының теңіз деңгейінен жоғары және жер астында орналасуының негізгі себебі қандай?

A) Құрылыс құнын азайту
B) Туристерді тарту
C) Табиғи және антропогендік қауіптерден қорғау
D) Электр энергиясын үнемдеу

Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : С

2. Тұқым қоймасы теңіз деңгейінен 130 м биіктікте және 120 м тереңдікте орналасқан. Қойманың ең төменгі нүктесі теңіз деңгейіне қатысты қай деңгейде орналасқан?

A) 10 м жоғары
B) 10 м төмен
C) 250 м жоғары
D) 250 м төмен

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : А (130 м – 120 м = 10 м жоғары)

3. Егер Жердегі температура айтарлықтай көтерілсе, мәңгі тоңның еруі тұқым қоймасына қалай әсер етуі мүмкін? Өз ойыңызды 1–2 дәлелмен негіздеңіз.

Дәлелдерияжоқ
Мәңгі тоңның еруі температураның көтерілуіне әкелуі мүмкін  
Мәңгі тоңның еруі тұқым қоймасына әсер етпейді, өйткені қойма тек жарылысқа төзімді камералармен қорғалған және температураға тәуелді емес.  
Бұл тұқымдардың бұзылуына немесе сақтау жағдайының нашарлауына әсер етеді  
тұқымдар кез келген жағдайда бұзылмай сақталады.  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап : Мәңгі тоңның еруі температураның көтерілуіне әкелуі мүмкін

Бұл тұқымдардың бұзылуына немесе сақтау жағдайының нашарлауына әсер етеді

4. Қай технология тұқымдардың қауіпсіздігін ең тиімді қамтамасыз етеді?

A) Ашық сақтау
B) Жоғары температурада сақтау
C) Жарылысқа төзімді камералар мен салқындату жүйесі
D) Күн сәулесімен жылыту

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу

Бағалау кестесі:

Жауап форматы: Бір  дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : С

5. Егер сіз өз еліңізде осындай тұқым қорын салуыңыз керек болса, қандай табиғи және техникалық факторларды ескерер едіңіз? (кемінде 3 фактор атаңыз)

Фактор                       v/-
Құрылыс материалы 
Климат 
Су 
Жылу  
Жануарлар 
Географиялық орналасуы 
Табиғи апаттар қауіпі 

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Ғылыми дәлелдерді пайдалану

 · жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;

 · қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : Климат, Географиялық орналасуы, Табиғи апаттар қауіпі