3. Мәнмәтін:
«Шексіз өсім бе, әлде шектеулі мүмкіндік пе?»
Томас Малтус ағылшын дін қайраткері және ғалымы, «мальтузиандық теория» деп аталып кеткен теорияның авторы, демограф және экономист. Оның негізгі тұжырымы бойынша, халық саны геометриялық прогрессиямен артса , ал азық-түлік өндірісі арифметикалық прогрессиямен өседі. Бұл айырмашылық уақыт өте келе ресурстар тапшылығына алып келеді. Роберт Мальтус халықтың шексіз өсімі түптеп келгенде Жер тұрғындарын тамақтандыруға болатын азық-түлік пен табиғи ресурстардан асып түсетінін айтты. Мальтус өз еңбектерінде табиғаттың «тежеуіш механизмдерін» атап өтті. Оларға аштық, аурулар, соғыстар сияқты «табиғи реттеушілер» жатады. Сонымен қатар, ол адамдардың саналы түрде некеге тұруды кешіктіруі немесе бала санын шектеуі сияқты «алдын алу шараларын» да қарастырды. Бұл идеялар қоғамдағы әлеуметтік саясат пен халық санын реттеу мәселелеріне үлкен әсер етті.
Алайда, Мальтустың болжамдары толықтай дәлелденбеді. Индустриалды революция кезеңінде ауыл шаруашылығы мен технологияның қарқынды дамуы азық-түлік өндірісін айтарлықтай арттырды. Сонымен қатар, жасыл революция нәтижесінде жаңа тұқымдар, тыңайтқыштар мен агротехнологиялар енгізіліп, өнімділік бірнеше есе өсті.Мысалы, дамушы елдерде халық санының тез өсуі мен ресурстардың шектеулілік мәселесі әлі де өзекті. Сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен болашақ ұрпақ қажеттіліктерін ескеруді талап етеді. Осылайша, Мальтустың теориясы адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін көрсететін маңызды ғылыми тұжырымдардың бірі болып қала береді.

1. Мальтустың теориясы бойынша халық саны мен азық-түлік өндірісінің өсуі қалай ерекшеленеді?
A) Екеуі де бірдей қарқынмен өседі
B) Халық саны арифметикалық, азық-түлік геометриялық өседі
C) Халық саны геометриялық, азық-түлік арифметикалық өседі
D) Екеуі де азаяды
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу үшін базалық білімдерін қолданады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : С
2. Мальтус айтқан «табиғи тежеуіш механизмдерге» қайсысы жатады?
A) Технологиялық даму
B) Аштық пен аурулар
C) Білім деңгейінің өсуі
D) Өнеркәсіптің дамуы
Қалыптасатын құзыреттіліктер: қарапайым ғылыми құбылысты түсіндіру үшін негізгі мазмұндық және процедуралық білімдерін қолдана алады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В
3. Қазіргі таңда кейбір елдерде Мальтустың идеялары әлі де өзекті деп айтуға бола ма? Өз пікіріңізді 2 дәлелмен негіздеңіз.
| Дәлелдер | ия | жоқ |
| Индустриалды революция кезеңінде ауыл шаруашылығы мен технологияның қарқынды дамуы азық-түлік өндірісін айтарлықтай арттырды. | ||
| Дамушы елдерде халық саны өте жылдам өсуде, ал азық-түлік пен табиғи ресурстардың өсу қарқыны оған ілесе алмайды. Бұл кей жерлерде аштық пен кедейлік мәселелерінің сақталуына әкеледі. | ||
| Табиғи ресурстардың шектеулілігі (су, жер, энергия) қазіргі таңда айқын сезілуде. Халық саны артқан сайын бұл ресурстарға сұраныс өсіп, экологиялық мәселелер (жердің тозуы, су тапшылығы) күшейеді. | ||
| жасыл революция нәтижесінде жаңа тұқымдар, тыңайтқыштар мен агротехнологиялар енгізіліп, өнімділік бірнеше есе өсті |
Қалыптасатын құзыреттіліктер: белгілі жағдайларда жаратылыстану білімін қолдана білу; · жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және өзгерістерді болжай білу қабілеті;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап :
1. Дамушы елдерде халық саны өте жылдам өсуде, ал азық-түлік пен табиғи ресурстардың өсу қарқыны оған ілесе алмайды. Бұл кей жерлерде аштық пен кедейлік мәселелерінің сақталуына әкеледі.
2. Табиғи ресурстардың шектеулілігі (су, жер, энергия) қазіргі таңда айқын сезілуде. Халық саны артқан сайын бұл ресурстарға сұраныс өсіп, экологиялық мәселелер (жердің тозуы, су тапшылығы) күшейеді.
4.Жер шарының өсіп келе жатқан халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейінің өзгеру заңдылықтарын зерттеуде тәуелсіз айнымалыны анықта.
А. адам саны және азық-түлік мөлшері
В. өзгерістің уақыт кезеңі
С. бірдей елдер саны
D. біраз уақыттан кейін тұрақтанады
Бағалау кестесі:
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап : D Біраз уақыттан кейін тұрақтанады
5. Мальтустың теориясы бойынша ғаламшар халқына табиғи ресурстардың жетіспеушілігінің себептерін көрсет.
А. Экономикалық құлдырау
В. Ауыл-шаруашылық мәселе
С. Халықтың өсуі
D. тиімсіз мал шаруашылығы
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : С
6. Егер белгілі бір елде халық саны жылына 3% өссе, ал азық-түлік өндірісі 1% ғана өссе, болашақта қандай мәселе туындауы мүмкін?
A) Артық азық-түлік жиналады
B) Ресурстар тапшылығы пайда болады
C) Халық саны азаяды
D) Табиғи ресурстар көбейеді
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В
7. Ресурстар тапшылығын болдырмау үшін қандай 2 тиімді шара ұсынар едіңіз?
| Тиімді шаралар | ия | жоқ |
| жерді тыңайтқыштармен уламау | ||
| ресурстарды үнемдеу | ||
| жаңартылмайтын ресурс көздерін қолдану | ||
| білім беру | ||
| отбасын жоспарлау |
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Үш дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап : ресурстарды үнемдеу, білім беру, отбасын жоспарлау
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Ғылыми дәлелдерді пайдалану
· жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
· қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;