Skip to content

«Брекет: сән бе, әлде қажеттілік пе?»

2. Мәнмәтін:

                          «Брекет: сән бе, әлде қажеттілік пе?»

Брекеттер — тіс дәрігерлері қисық тістер мен жақтарды түзету үшін қолданатын арнайы құрал. Олар екі негізгі мақсатқа қызмет етеді. Біріншіден, олар тістерді туралау арқылы әдемі күлкі жасауға көмектеседі. Екіншіден, тіс қатарының шамадан тыс шағуын және сәйкес келмейтін жақтардың орналасуын түзету үшін пациенттер киетін алынбайтын құрылым болып табылады. Брекет тістерді айына шамамен 0,1 мм тістерді біртіндеп тартып, тістерге белгілі қысым жасайды, ауыз қуысының денсаулығын жақсартады. Егер дұрыс емес тістемді түзету үшін уақытылы дәрігерге көрінбесеніз, бұл дикцияның бұзылуы, кариес, қызыл иектің ауруына, бас ауруға, ас қорыту жүйесінің бұзылуына,  бет асимметриясының бұзылуына әкеледі. Бірақ ерте жастан 12 жасқа дейін брекет тағу тіс эмальының бұзылуына әкеледі.Брекет үшін қолайлы жас 14-16 жас себебі жақ сүйек қалыптасып, тістер қысымды көтере алады.    

Тапсырмалар:

1. Брекеттердің негізгі мақсаты қандай?

A) Тістерді ағарту
B) Тістерді түзету
C) Тістерді жылтыратады
D) Тістерді қысқарту

Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу үшін базалық білімдерін қолданады.

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : В

  • Неліктен дұрыс емес тістем стоматологиялық проблемаларды тудыруы мүмкін екенін белгілеңіз.
Тұжырымдардұрысдұрыс емес
тағамның дәмін сезуде қиындық тудыртады  
дикцияның бұзылуына әкеледі  
асқорыту жүйесінің бұзылуына әкеледі  
эмальдың бұзылады  
бет асимметриясын қалыпқа әкеледі  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: қарапайым ғылыми құбылысты түсіндіру үшін негізгі мазмұндық және процедуралық білімдерін қолдана алады.

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап : дикцияның бұзылуы, кариес, қызыл иектің ауруына, бас ауруға, ас қорыту жүйесінің бұзылуына,  бет асимметриясының бұзылуына әкеледі.

  • “Брекет тек 14–16 жаста тиімді” деген пікірге келісесіз бе?
ТұжырымдарКелісемінКеліспеймін
тиімді кезең себебі жақ сүйегі әлі өсіп, тістерді түзету жеңілірек жүреді  
тиімсіз кезең себебі тіс эмальының бұзылуына әкеледі  
тиімді кезең себебі тістер қысымды көтереді  
тиімсіз кезең себебі тістер мүжіліп кетеді  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап : 14–16 жас аралығы жиі тиімді кезең болып саналады, өйткені бұл уақытта жақ сүйегі әлі өсіп, тістерді түзету жеңілірек жүреді. Тиімді кезең себебі тістер қысымды көтереді .Бірақ ересектерде де брекет емін қолдануға болады, тек емдеу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін.Сондықтан брекеттің тиімділігі тек жасқа емес, адамның жеке жағдайына, тіс пен жақтың ерекшелігіне байланысты.

4.12-14 жастан ерте жасөспірімдерге брекет тағу ұсынылмайтын себептерді анықта.

А. тістердің түбірлік жүйесі толық қалыптаспаған

В. Брекеттерге төтеп бермейтін тіс эмалы

С. Балада жақ сүйектері толық қалыптаспаған

Д. Ауыз қуысының эстетикалық көрінісін бұзу

Е. Балаларда брекет жүйесінің зақымдану қаупі жоғары

Ғ. Ауыз қуысындағы қышқыл баланысының бұзылуы

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу

Бағалау кестесі:

Жауап форматы: Үш  дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : А,В,С

5.Суреттен  дұрыс тістем және түзетуді қажет етпейтін жасөспірімнің жағын немесе иегін анықта?

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : 5

  • Ортодент дәрігерге уақытылы көрінбесе балада дұрыс емес тістем салдарын ата?

А. Дикцияның бұзылуы

     В.  Бет асимметриясының бұзылуы

     С.  Тағамды ұсақтау

     Д.  Тағамның дәмін сезу

     Е.  Қызыл иектен қанауы

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Үш дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : А,В,Е

  • “12 жасқа дейін брекет тағу эмальды бұзады” деген пікір ғылыми тұрғыдан әрқашан дұрыс па?
Тұжырымдардұрысдұрыс емес
тістің қисық болуына әкеледі  
тісті өсірмейді  
тіс эмальының бұзылуына әкеледі  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіре білу

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : тіс эмальының бұзылуына әкеледі