Табиғатты түсіну арқылы ғана адам өзін түсінеді (Г. Эдберг)
САЙТТЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕРІ
Даму векторын таңдаңыз, қалғанын біз шешеміз.
СЫНАҚ НҰСҚАЛАРЫ
Биология пәнінен 10 сыныпқа арналған емтиханға дайындық ретінде І компонент тапсырмалары Халықаралық IGCSE стандартына сәйкестеліп құрастырылған. Емтиханға дайындық материалдары 9-10 сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын қамтыған.
ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР
9-10 сынып бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары бойынша тақырыптармен қамтылған.
ТЕРМИНДЕР
Оқушылардың ғылыми терминдерді және академиялық тілді дамытуға бағытталған.

Алғы сөз
Мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының көшбасшыларына оқушылардың ересек өмірге және еңбек нарығына қадам басуға қаншалықты дайын екендігін анықтауға мүмкіндік беретін жан-жақты және сенімді деректер қажет. Көптеген басқарушылар оқушылардың оқуын жергілікті немесе ұлттық стандарттар негізінде бағалайды. Дегенмен, жаһандық экономикада білім беру саласында табысты болу тек ұлттық стандарттармен ғана өлшенбейді, сонымен қатар дүниежүзі бойынша үздік көрсеткіштер көрсеткен мектептер мен білім беру жүйелерінің ортақ жоғары стандарттарымен өлшенеді.
Андреас Шляйхер
Білім жəне дағдылар жөніндегі департаменттің директоры, ЭЫДҰ Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша арнайы кеңесшісі



Бағалау құралдары
«Мектептерге арналған PISA» когнитивтік тест арқылы үш бағыт бойынша сауаттылық деңгейін бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы контекстік деректерді жинайды.
PISA зерттеуі жаратылыстану сауаттылығын – оқушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін шынайы жағдаяттардағы мәселелерді шешу, эксперимент негізінде ғылыми әдістер көмегімен тұжырымдар шығара білу қабілеттерін тексеруді көздейді. Мұндай тұжырымдар қоршаған ортаны және онда болып жатқан өгерістерді түсіну үшін қажет.

Сұрақтардың типі:
PISA зерттеуінде сұрақтардың үш типі қолданылады:
- көп жауапты таңдауы бар сұрақтар;
- қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар;
- толық жауапты қажет ететін сұрақтар.
Бөлімдер
БІЗМЕН БІРГЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫҢЫЗ
НЗМ-де 14 жылдан астам жұмыс тәжірибесі
- НЗМ мектептерінің биология пәні мұғалімдерімен тәжірбие алмасу негізінде желілік практикалық семинар өткізілді
- Халықаралық олимпиада жүлдегері биология пәнінен ІІІ орын -2013 жыл
- Республикалық пәндік олимпиада жүлдегері 2015 жыл ІІІ орын
- Халықаралық Вернадский оқулары І-орын
- Жалпы білім беру мектеп 9 сыныпқа арналған практикалық дағдыны дамыту үшін жасалған әдістемелік нұсқаулық патент алды
- Зерде Республикалық ғылыми жоба сайысы жүлделі ІІ орын
- 12 сынып түлектері биология мамандығы бойынша шет елдің атап өтсек Корея, Катар, Канада, Франция, НУ оқу орындарының студенттері, магистр.
БІЗДІҢ КОМАНДА
Олар сізге ең жақсы тәжірибені қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін адамдар.

ЕСЕНОВА ГАУХАР
Биология мұғалімі
Тест тапсырмаларын әзірлеуші тренер

УТЕБАЕВА ЖАННА
Биология мұғалімі
Дарынды балаларды оқыту бойынша тренер

СЫДЫКОВА АЙГЕРИМ
Биология мұғалімі
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

ШОЙБЕКОВА НАЗЕРКЕ
Биология мұғалімі
Биология пәні мұғалім-модератор
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ
Пікірлер, тілектер, ұсыныстар
Менің өзіме бұл сайт өте ұнады. 10 сыныптарды емтиханға дайындауда тапсырмалар жасауға көп уақытты үнемдеу үшін осы жерден тапсырмаларды алып оқушылармен жұмыс жасадық. Жауаптары да дайын, қолдануға тиімді, сонымен қатар оқушылардың оқу ағдыларын дамытты, жоғары деңгейді дамытуға бағытталған сұрақтар да тапсырмалар да өте қызықты, оқушылардың қызығушылығын арттырды.Бұл сайтты ұйымдастырған әріптестеріме еңбектеріне жеміс тілеймін.
Култасова Сериккул Утеновна
Тараз қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімінің кері байланысы

Бұл сайттағы материалдар 10 сыныптарға емтиханға дайындалу үшін өте қажет әрі таптырмас ресурс көзі болды. 1 компонент бойынша тест сұрақтары және ашық сұрақтар және оның арнайы жауап нұсқалары да бар. Мұғалімдер үшін үлкен көмек болды оқушыларды емтиханға дайындау барысында срездер алуды қолдандық. Оқушылар үшін де өздері ұялы телефон арқылы ашып үй жағдайында да дайындалуға көп мүмкіндік береді. Сонымен қатар академиялық тілді қалыптастыру үшін арнайы биологиялық терминдер, дайын сабақ презентациялары сабаққа қолдануға өте тиімді болды. Осы сайтты ұйымдастырған әріптестеріме көп рахмет айтамын. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
Сарсенбаева Айжан
Шымкент қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімінің кері байланысы

Бұл сайт мен үшін уақытымды үнемдеуге және сапалы жұмыс жасауыма септігі тиді. Бұл сайттың көбінесе сынақ нұсқалары бөлімін қолдандым. Оқушыларға да осы сайтты беру арқылы үйге тапсырмалар беріп отырдым. Өте ыңғайлы, шет елдің сайттарына ұқсас қажеттінді тауып алуға ыңғайлы етіп жасалған. Сайтты ұйымдастырушыларға көп көп рахмет.
Қайнарбаев Ербол
Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімінің кері байланысы

Мақалалар
Сайттың соңғы жаңалықтары
Мекен-жай
Шымкент қаласы, Нурсат 1,
Дүйсенбі-Жұма: 9:00 – 17:00
Сенбі-Жексенбі: Демалыс
E-mail esenova_g@hbsh.nis.edu.kz
24/7
+7 705 438 5649
© 2022 Kudratbey

