Skip to content

«Лактозаға қарсы күрес: табиғат пен технология »

10. Мәнмәтін:

Тапсырма сипаттамасы

КритерийлерТапсырманың құрылымы
Контекст  Ғылым мен техниканың байланысы  
Жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктеріқұбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;қорытынды жасау үшін деректерді интерпретациялау және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану.
Бағалау нысаны (оқытудың пәндік нәтижесі)Мысалы, құбылысты түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану білімін қолдану.  
Тапсырманың күрделілік деңгейіОрта, жоғары
Жауап форматыБір дұрыс жауапты, Кеңейтілген жауаппен.

                «Лактозаға қарсы күрес: табиғат пен технология »

Адам баласының көпшілігі сәби кезінде сүтті оңай қорыта алады, бірақ жас ұлғайған сайын лактаза ферментінің белсенділігі төмендейді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, әлем халқының шамамен 65%-ында ересек шақта лактозаны қорыту қабілеті азаяды. Бұл – адам эволюциясындағы табиғи құбылыс. Сәбилердің көпшілігінде лактаза ферменті өте белсенді болады, бірақ кейбір балаларда ол генетикалық немесе уақытша себептерге байланысты аз мөлшерде түзіледі. Мұндай жағдайды (лактоза интолеранттылығы) немесе нақтырақ айтқанда «лактаза тапшылығы» деп атайды. Алайда кейбір сәбилерде лактаза жеткіліксіздігі байқалады.Кейбір халықтарда (мысалы, Еуропаның солтүстігінде) адамдар өмір бойы сүтті жақсы қорыта алады. Бұл олардың генетикалық бейімделуімен байланысты. Ал Азия мен Африка елдерінде лактозаға төзбеушілік жиі кездеседі.Лактоза толық қорытылмаған кезде, ол тоқ ішекке өтеді. Онда бактериялар оны ашытып, газ және қышқылдар түзеді. Соның нәтижесінде адамда іш кебу, ауырсыну және жайсыздық пайда болады. Осы мәселені шешу үшін сүт өнеркәсібінде иммобилизденген ферменттер әдісі қолданылады. Бұл әдісте лактаза ферменті еркін күйде болмай, арнайы қатты тасымалдағышқа (мембраналарға) бекітіледі. Сүт осы иммобилизденген лактаза ферменттері орналасқан реактор арқылы өткізіледі. Сүт ағып өткен кезде, лактоза глюкоза мен галактозаға ыдырайды – бұл қанттар ағзаға оңай сіңеді. Фермент тасымалдағышқа бекітілген күйінде қалып, бірнеше рет қайта қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс лактозасыз сүт өнімдерін өндіру үшін Arla Foods және Nestlé сияқты ірі сүт компанияларында кеңінен қолданылады.

1.Ғалымдар әртүрлі аймақтардағы адамдардың сүттегі лактозаны қорыту қабілетін зерттеді. Нәтижелер төмендегі графикте көрсетілген.

Сұрақ: Неліктен әртүрлі аймақтарда сүтті қорыту қабілеті бірдей емес?

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау.

          Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап:

Эволюциялық тұрғыдан, бұл айырмашылық адамдардың тарихи өмір салтымен байланысты. Мысалы, Еуропаның солтүстігінде мал шаруашылығы ерте дамығандықтан, сүт өнімдерін тұрақты тұтынған популяцияларда табиғи сұрыпталу нәтижесінде лактазаны ересек жаста да сақтайтын гендер жиі таралған. Ал Азия мен Африканың көптеген аймақтарында сүтті тұрақты тұтыну ұзақ уақыт бойы негізгі қорек көзі болмағандықтан, мұндай генетикалық бейімделу сирек кездеседі.

2. Иммобилизацияланған ферменттерді пайдаланудың артықшылығы мен кемшілігін көрсету үшін сәйкес бағанды ​​белгіле:  
 
 
ТұжырымдарАртықшылығыКемшілігі
Фермент тасымалдағышқа бекітілген соң өніммен бірге кетпейді, бірнеше рет қайта тұтынуға болады  
Бірдей сапалы сүт алынады өнім тұрақтылығы сақталады  
Үздіксіз өнім жүргізуге қабілетті  
Иммобилизденген ферменттерді дайындау және реакторлар орнату қымбат  
Кей жағдайларда өте аз мөлшерде лактоза қалуы мүмкін  
Фермент белсенділігінің біртіндеп төмендеуі  
Техникалық қызмет көрсету күрделі  
Лактозаға төзбеушілігі бар адамдарға қауіпсіз  

Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 4

Дұрыс жауап :

Лактозаға төзбеушілігі бар адамдарға қауіпсіз, Фермент тасымалдағышқа бекітілген соң өніммен бірге кетпейді, бірнеше рет қайта тұтынуға болады, Бірдей сапалы сүт алынады өнім тұрақтылығы сақталады, Үздіксіз өнім жүргізуге қабілетті.

3. Неліктен сүт өнеркәсібінде лактаза ферментін қатты тасымалдағышқа бекітеді?

A) Ферменттің түсін өзгерту үшін
B) Ферментті бір рет қолдану үшін ғана
C) Ферментті қайта қолдану, өнімнен бөліп алу және тиімді басқару үшін
D) Сүттің майлылығын арттыру үшін

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми сұрақтарды тану және қоя білу

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : С

4. Сүт өнеркәсібінде лактаза ферменті қолданылып, лактозасыз өнімдер өндіріледі. Бұл фермент лактозаны глюкоза мен галактозаға ыдыратады. Нәтижесінде лактозаға төзімсіз адамдар да сүт өнімдерін пайдалана алады. Бұл технология йогурт, айран, сүт, балмұздақ сияқты өнімдерде қолданылады.

Кестеде өнім түрлері мен мөлшері берілген;

Өнім түріЛактоза мөлшері
Сүтжоғары
Лактозасыз сүтөте төмен
Йогурторташа
Лактозасыз балмұздақтөмен

Сұрақ: Қай өнімдер лактозаға төзімсіз адамдарға ең қауіпсіз? Неге?

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді пайдалану, бағалау, шешім ұсыну

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап :

Лактозаға төзімсіз адамдар үшін ең қауіпсіз өнімдер — лактозасыз сүт және лактозасыз балмұздақ. Лактаза ферменті алдын ала қолданылып, лактоза толық немесе өте төмен мөлшерге дейін ыдыраған . Лактоза глюкоза мен галактозаға айналған, олар оңай қорытылады.

5. Қант диабетімен ауыратын адамдар үшін ең қолайлысықанты (лактозасы) азайтылған немесе лактозасыз сүт өнімдері, сондай-аққант қосылмаған сүт өнімдері.

Өнім түріҚант мөлшеріДиабетке жарамдылығы
Кәдімгі сүтОрташа
Лактозасыз сүтТөмен✔️
Ашыған айранТөмен✔️
Қант қосылған йогуртЖоғары

Сұрақ: Неліктен ашыған айран диабетке көбірек жарамды?

—————————————————————————————————————————————————————————————————————


Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап :

Ашыған айранда қант мөлшері төмен болғандықтан, ол қандағы глюкоза деңгейін күрт көтермейді, сондықтан диабетпен ауыратын адамдар үшін қауіпсізірек.