Skip to content

«Көзілдірік саудасының шыңы: технологияның жанама әсері»

9. Мәнмәтін:

Тапсырма сипаттамасы

КритерийлерТапсырманың құрылымы
Контекст  Ғылым мен техниканың байланысы  
Жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктеріқұбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;қорытынды жасау үшін деректерді интерпретациялау және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану.
Бағалау нысаны (оқытудың пәндік нәтижесі)Мысалы, құбылысты түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану білімін қолдану.  
Тапсырманың күрделілік деңгейіОрта, жоғары
Жауап форматыБір дұрыс жауапты, Кеңейтілген жауаппен.

                     «Көзілдірік саудасының шыңы: технологияның жанама әсері»

Қазіргі таңда «гаджетпен бірге өскен ұрпақ» күнделікті өмірінде смартфон, планшет және компьютерді белсенді қолданады. Онлайн оқу, әлеуметтік желілер, ойындар – барлығы экран алдында өткізілетін уақытты арттыруда.  Адам көзі ұзақ уақыт бойы экранға қарағанда шаршайды. Бұл құбылыс «цифрлық көз шаршауы» деп аталады. Балалардың миопиясы мектеп жасында дамиды және көз алмасы өсе бергенше 18 жасқа дейін созылуы мүмкін. Испан зерттеушілерінің айтуынша, 10 баланың алтауы миопиялық, бұл өткен ұрпақ арасындағы миопия деңгейінен әлдеқайда жоғары. Жасөспірімде көру қабілетінің тез төмендеуінің себебі- ұялы телефонды күніне 4-8 сағат және компьютерді 2-ден-4 сағатқа дейін пайдалану. Зерттеулер көрсеткендей, күніне 2–3 сағаттан артық экран қолдану жасөспірімдердің көру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе, жарықтың дұрыс болмауы және экран мен көз арақашықтығының сақталмауы тәуекелді арттырады. Дәрігерлер 20-20-20 ережесін ұсынады: әр 20 минут сайын 20 секунд бойы 20 фут (шамамен 6 метр) қашықтықтағы затқа қарау.Экраннан шығатын көк жарық көздің тор қабығына әсер етіп, көздің құрғауына, қызаруына және көру қабілетінің уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, экранға ұзақ қарағанда адам сирек жыпылықтайды, бұл көздің табиғи ылғалдануын азайтады.Осыған қарамастан, гаджеттерді толықтай қолданбау мүмкін емес. Сондықтан оларды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану маңызды. Жарықты дұрыс реттеу, экран уақытын шектеу және үзіліс жасау – көз денсаулығын сақтаудың негізгі жолдары.

1.Гаджеттен басқа балаларға рахаттанудың балама 3 жолын ұсын.

—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-

Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.

          Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, үй жануарларына күтім жасау, физикалық белсенділік, білім беру ойындары

2. Көптеген жасөспірімдер компьютерді пайдалану кезінде арнайы блокатор блюблокер көзілдірігін киюді елемейді. Блю-блокерлердің қасиетіне жатпайтын тұжырымды көрсет.

A) экран контрастын арттыру
B) спектрдің көк бөлігін азайту
C) экран жарығын теңестіру
D) зиянды сәулеленуден қорғау

Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : D

3. Испан зерттеушілері 10 баланың 6-уы миопиямен ауыратынын анықтады.

Бұл мәлімет нені көрсетеді?
A) Миопия сирек кездеседі
B) Миопия деңгейі артқан
C) Миопия тек ересектерде болады
D) Гаджеттердің әсері жоқ

Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану, жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : В

4. Тау шаңғышылары келушілерге күннен қорғайтын көзілдірік тағуға кеңес береді, ультракүлгін сәулеленудің әсері балалардың көзіне неліктен қауіпті.

A) қабық пен линзаның мөлдірлігінің жоғарлауы
B) балалардың қарашығы ересектерге қарағанда үлкен
C) көз түтіндегі пигментттің қалыптаспауы
D) көздің бейімделу механизмдерінің болмауы

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді пайдалану, бағалау, шешім ұсыну

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бірнеше дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 3

Дұрыс жауап : А,В,С

5. Айдана күніне 6 сағат компьютер қолданады және көзі жиі шаршайды.


Сұрақ: Ол тек блюблокер көзілдірігін қолданса, бұл мәселе толық шешіле ме? Дұрыс тұжырымды белгіле:

ТұжырымдарИәжоқ
Блюблокер көзілдіріктері көз шаршауын айтарлықтай азайтпайды  
Блюблокер көзілдіріктері көк жарықты сүзу арқылы көзді қорғауға арналған  
Блюблокер көзілдірігі қосымша құрал ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ ол негізгі шешім емес  
Блюблокер көзілдірігі көздің шаршауын, құрғауының алдын алады  


  


  

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

· Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір дұрыс жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : Блюблокер көзілдірігі қосымша құрал ретінде қолданылуы мүмкін, бірақ ол негізгі шешім емес

6. Миопиямен ауыратын жасөспірімнің көзіне комьпютерлік графика арқылы үлгіні қалпына келтіру ұсынылды. Жасөспірімнің жасаған суреті визуалды бұрмалану болды.

A) Сурет көздің торлы қабығының алдына түседі
B) Сурет көздің торлы қабығына түседі
C) Сурет көздің торлы қабығының артына түседі
D) Сурет көздің торлы қабығына бағытталмайды

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Ғылыми дәлелдерді бағалау, себеп-салдар байланысын түсіну, өмірлік жағдайды талдау

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Бір толық жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап : В