6. Мәнмәтін:
« Кішкентай құстың үлкен сабағы »
1958 жылы Қытайда Мао Цзэдун бастаған «Ұлы секіріс» саясаты аясында «Төрт зиянкесті жою» науқаны (тышқан, шыбын, маса және торғай) басталды. Оның ішіндегі ең танымалы – Ұлы торғай соғысы деп аталды. Қытай ғалымдары (Маоны қолдаушылар) бір торғай жылына шамамен 4,5 кг бидай жейді деп есептеді. Олардың пікірінше, 1 миллион торғайды жою 60 мың адамға жететін астықты үнемдейді. Торғайлар астық жеп, егінге зиян келтіреді деген болжаммен бүкіл халық (балалардан қарттарға дейін) жұмылдырылды. Науқан әдістері: ұяларды талқандау, жұмыртқаларды сындыру, даңғылдармен, желпуіштермен үркітіп шаршату, таспен ұру. 1958–1961 жылдары ресми деректер бойынша 1,96 миллиард торғай жойылды. 1961 жылы елдегі торғай популяциясының 97 %-ы құрып, Қытай КСРО мен Канададан торғайларды сатып алуға мәжбүр болды. Торғайлар жәндіктерді жойып, егінді қорғайды. Олардың жаппай жойылуы трофикалық каскад (тізбекті реакция) тудырды:
- Жәндіктердің (шегірткелердің) саны экспоненциалды түрде өсті.
- Егін алқаптары жаппай жойылды.
Торғайлардың жойылуымен бірге шегіртке індеттері басталды. Егін өнімділігі күрт төмендеді (20 %-ға дейін). Зерттеулер бойынша торғай науқанының салдарынан қосымша 2 миллионға жуық адам аштықтан қаза тапты (жалпы ашаршылықта 15–55 млн адам өлді).
1. Торғайларды жоюдың ғылыми болжамы қандай болды?
A) Торғайлар жойылғаннан астықтың үнемделуі
B) Торғайлардың жәндіктерді жейтіндігін ескерілмеуі
C) Торғайлар жойылғаннан егін түсімінің молайуы
D) Торғайларды жойып егін түсімін қорғау
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В
2. Төмендегі кестеде торғайларды жою алдындағы және кейінгі жылдардағы (1958–1961) Қытайдағы егін өнімі мен шегіртке популяциясының өзгерісі көрсетілген (шартты деректер негізінде):
| Жыл | Торғай саны (миллиард) | Шегіртке популяциясының өсімі (%) | Күріш өнімі (миллион тонна, өзгеріс) |
| 1958 | ~2,0 | +5 | Базалық деңгей |
| 1959 | 0,5 | +45 | –12 % |
| 1960 | 0,06 | +180 | –28 % |
| 1961 | 0,03 | +95 | –15 % |
Кестедегі деректерге сүйене отырып, торғай санының азаюы мен шегіртке популяциясы арасындағы байланысты сипаттаңыз.
| Деректер | дұрыс | дұрыс емес |
| Торғайлардың бидайды көп тұтынуы | ||
| Торғайларды құртудың нәтижесінде экожүйедегі қоректік тізбек бұзылды | ||
| Торғайдың жойылуы, жәндіктің көбеюі | ||
| Торғайды азайту арқылы адамға жететін астықты үнемдеу |
Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : Торғайларды құртудың нәтижесінде экожүйедегі қоректік тізбек бұзылды; Торғайдың жойылуы, жәндіктің көбеюі
3. Торғайлардың жойылуы неге шегірткелердің санының экспоненциалды өсуіне әкелді?
—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : Қоректің көп болуы, жыртқыштың болмауы,қолайлы орта, экожүйенің бұзылуы
4. Торғайларды жоюдың салдары қандай болды?
A) Торғайлардың саны тез қалпына келді
B) Шегірткелердің саны өсті, егін өнімділігі төмендеді
C) Астық үнемделді
D) Торғайларды қайта сатып алып, экожүйені қалпына келтірді
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Ғылыми дәлелдерді пайдалану, жүйелі ойлау
· жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
· қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны:
Дұрыс жауап : D
5. Сұрақ: 1 миллион торғай жылына қанша кг бидай жейді?
Бұл есеп бойынша 1 адам жылына қанша кг бидай тұтынады деп есептелген?
Бұл есептің ғылыми кемшілігі неде?
—————————————————————————————————————————————————————————————————————
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Ғылыми дәлелдерді пайдалану
· жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
· қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап : торғайлардың тек астық емес, жәндіктерді де жейтінін ескермеген