5. Мәнмәтін:
«Бір қоқыс- бір мүмкіндік »
Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – бүкіл әлем үшін өзекті мәселе. Осы проблеманы шешудің тиімді жолдарының бірі – рециклинг, яғни қалдықтарды қайта өңдеу. Бұл процесс табиғи ресурстарды үнемдеуге, қоршаған ортаны қорғауға және энергияны аз жұмсауға мүмкіндік береді. Әлемде рециклинг саласы жақсы дамыған елдердің қатарында Германия, Жапония және Швеция бар. Мысалы, Германияда қалдықтардың 60%-дан астамы қайта өңделеді. Бұл елде тұрғындар қоқысты бірнеше түрге бөліп жинайды: қағаз, пластик, әйнек және органикалық қалдықтар. Ал Швецияда қалдықтардың аз бөлігі ғана полигонға жіберіледі, қалғаны қайта өңделіп немесе энергия өндіруге пайдаланылады , «қоқыссыз қоғам» моделіне жақындап келеді. Ал Жапония тұрғындары қоқысты тіпті ондаған түрге бөліп, табиғатты қорғауды күнделікті әдетке айналдырған. Қазақстанда рециклинг саласы әлі де даму кезеңінде. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Экология министрлігі тарапынан қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ірі қалаларда пластик, қағаз және әйнекке арналған арнайы контейнерлер орнатылып жатыр. Дегенмен, халық арасында экологиялық мәдениет пен сұрыптау дағдылары әлі толық қалыптаспаған. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, рециклинг – заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін қайта пайдалану процесі. Мысалы, пластик қайта өңделгенде оның құрылымы өзгеруі мүмкін, бірақ ол жаңа өнім жасауға жарамды болып қалады. Бұл табиғи ресурстарды сақтауға және экожүйелердің ластануын азайтуға ықпал етеді.
1. Қай тұжырым мәтінге сәйкес келеді?
A) Барлық елдерде қоқыс бірдей деңгейде қайта өңделеді
B) Дамыған елдерде қалдықтар сұрыпталып қайта өңделеді
C) Қалдықтар толығымен энергияға айналады
D) Тек пластикке қайта өңдеуге бағытталған
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В

2. Қазақстанның кейбір мекемелерінде осындай ыдыстар қандай мақсатта орнатылатынын анықта.
A) қалдықтарды бөлек жинау
B) экологиялық білім беру үшін
C) кеңсе интерьерінің элементі
D) экомәдениетті көрсету
Қалыптасатын құзыреттіліктер: оқушылар өздеріне таныс қарапайым құбылыстарды танып-білу, түсіну үшін базалық білімдерін қолданады.
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : А
3. Ғалымдар жыл сайын Дүниежүзілік мұхитқа 8 миллион тонна пластиктен қоқыс түседі деп есептеді. Жалпы, пластикалық қоқыс біздің планетамыздың су қабатының экологиялық проблемаларын күшейтеді.Бұл көптеген түрлердің өмір сүруіне қауіп төндіретін мұхиттық флора мен фаунаға үлкен зиян келтіреді.Әлемнің барлық елдері бір жыл ішінде 275 миллион тоннаға дейін пластик қалдықтарын шығарады және олардың тек 3 %-ы дүниежүзілік мұхитқа түседі. Қазақстандық оқушылардың тұрмыста пластикті пайдалануды қысқарту жолдарын ұсыныңыз.
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми дәлелдерді пайдалану
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : қайта пайдалануға болатын ыдыстарды пайдалану, кенеп сөмкелерде азық-түлік сатып алу, қайта пайдалануға болатын су бөтелкелерін қолдану, полиэтилен пакеттер мен контейнерлерден бас тарту, шыны бөтелкелерде сусындар сатып алу.
4. “Рециклинг – тек экология емес, ғылыми-экономикалық процесс” деген пікірді дәлелде.
| Дәлелдер | v/- |
| Рециклинг тек қоқысты азайту үшін керек сияқты әсер қалдырады | |
| Жаңа өнім өндіру құнын төмендетеді | |
| Энергия шығынын азайтады | |
| Адамдардың өмір салтын өзгертетін нәрсе |
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Ғылыми дәлелдерді пайдалану
· жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
· қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : физикалық-химиялық қасиеттерін қайта қолдануға мүмкіндік береді, энергия шығынын азайтады және жаңа өнім өндіру құнын төмендетеді. Сондықтан ол әрі ғылымға, әрі экономикаға негізделген процесс.
5. Францияда жиһаздардың ішін ағаш үгінділерімен толтырады, сонымен бірге ағаш үгінділерінен сәндік ыдыс –аяқ пен әшекейлер жасайды. Бельгияда ойыншықтарды ағаш үгінділермен толтырады. Мектепте үгінділерді қалай қайта пайдалануға болады деп ойлайсың?
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Ғылыми дәлелдерді пайдалану
· жаратылыстану ғылымдары бойынша деректер мен мәліметтерге түсініктеме бере отырып, талдай білу және осы тақырыпта ақпараттармен алмасу;
· қорытындыларды негіздей алатын болжамдарды, ғылыми деректерді, пайымдауларды жасай білу;
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап : өнер сабақта мүсін жасауда, мектепте жылыжайларда, жиһаз жөндеуде, тақтаның арзан нұсқасын жасауда