11. Мәнмәтін:
Тапсырма сипаттамасы
| Критерийлер | Тапсырманың құрылымы |
| Контекст | Денсаулық |
| Жаратылыстану сауаттылығы құзыреттіліктері | құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;қорытынды жасау үшін деректерді интерпретациялау және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану. |
| Бағалау нысаны (оқытудың пәндік нәтижесі) | Мысалы, құбылысты түсіндіру үшін тиісті жаратылыстану білімін қолдану. |
| Тапсырманың күрделілік деңгейі | Орта, жоғары |
| Жауап форматы | Бір дұрыс жауапты, Кеңейтілген жауаппен. |
«Өмір сыйлау мәдениеті: қоғам донорлыққа дайын ба?»
Көптеген дамыған елдерде донорлық жүйе тиімді жұмыс істейді, себебі opt-out жүйесі бар. Ерікті келісім бар елдерде донор саны әлдеқайда жоғары. Мәселен Испания, Франция елдері. Онлайн база арқылы донорлар тіркеледі. Ауруханалар арасында деректер жылдам алмасады. Мектептерде, медиада түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, Испания әлемдегі ең тиімді донорлық жүйеге ие ел. Қазақстанда донорлық жүйе дамып келеді, бірақ әлі де қиындықтары бар. Қазақстанда “келісім презумпциясы” бар. Яғни адам тірі кезінде қарсы болмаса, донор бола алады.Практикадағы қиындықтары туыстардың келісімі жиі сұралады және көп жағдайда отбасы қарсы болады. Донор тапшылығы көп. Себебі донорлар саны аз, трансплантацияға мұқтаж адамдар көп . Басты мәселесі ақпараттың жеткіліксіздігі және халық арасында түсінбеушілік пен қорқыныш бар
Тапсырмалар:
1.Жол апатынан зардап шеккен әйел жарақаттан кейін көп қан жоғалтқан. Қан тапсыру орталығына оның туыстары келді:
20 жастағы дені сау қызы
Созылмалы гепатиті бар 24 жастағы ұлы
Салмағы 90 кг әйелдің сіңілісі
COVID-19 жұқтырған 65 жастағы жолдасы
Отбасы мүшелерінің қайсысы зардап шеккен әйелдің донары бола алады.
A) Қызы
B) Ұлы
C) Сіңілісі
D) Жолдасы
Қалыптасатын құзыреттіліктер: Ғылыми сұрақтарды тану және қоя білу
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауап
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап: Қызы
Ұлы бола алмайды себебі созылмалы ауруы бар, сіңілісі бола алмайды себебі салмағы бар, жолдасы бұрын ауырған
2. Неліктен Қазақстанда бүйрек трансплатациясына донор тапшылығы туындайды?
100% | █████████████████████████████████████ Мұқтаж адамдар
75% | ████████████████████████ Күтіп жүргендер
25% | ████████ Жасалған операциялар
————————————-
Көрсеткіштер.
A) Медициналық құралдардың жетіспеуі
B) Туыстардың келісім бермеуі және ақпараттың аздығы
C) Дәрігерлердің жетіспеуі
D) Операцияның қымбат болуы
Қалыптасатын құзыреттіліктер: құбылыстарды жаратылыстану ғылыми тұрғысынан сипаттау мен түсіндіру және деректерді өңдеу, талдау
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Бір дұрыс жауап
Жоғары ұпай саны: 1
Дұрыс жауап : В
3. Донор болу мәселесі басқа елдерде қалай шешілген дұрыс тұжырымдарды белгіле
| Тұжырымдар | дұрыс | дұрыс емес |
| Мектептерде донорлық туралы оқытылады | ||
| Жүйе автоматтандырылмаған | ||
| Күшті жарнама және әлеуметтік компаниялар бар | ||
| Діни және мәдени түсіндіру жұмыстары жүргізіледі | ||
| Дәрігерлер ағзаны дұрыс пайдаланбайды деп шешім шығаруы | ||
| Донорлық туралы мифтер көп |
Қалыптасатын құзыреттіліктер: · Ғылыми дәлелдерді пайдалану, бағалау, шешім ұсыну
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Үш дұрыс жауап
Жоғары ұпай саны: 3
Дұрыс жауап :
Мектептерде донорлық туралы оқытылады, Күшті жарнама және әлеуметтік компаниялар бар, Діни және мәдени түсіндіру жұмыстары жүргізіледі
4. Республикада 360 мыңға жуық донация бар. Қазақстанда 20 миллионға жуық адам тұратынын ескерсек, жыл сайын Қазақстан халқының қанша пайызы қан құюға мұқтаж екенін есепте.
A) 1 %
B) 1,5 %
C) 1.8 %
D) 20 %
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
· Ғылыми дәлелдерді пайдалану, бағалау, шешім ұсыну
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап : С
360 000 20 миллионға бөліп, 100-ге көбейту керек
5. Қазақстанда донор банкі мәселесінің 2 шешілу жолын ұсын:
—————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————————-
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
· Ғылыми дәлелдерді бағалау, шешім ұсыну, өмірлік жағдайды талдау
Бағалау кестесі
Жауап форматы: Толық жауап
Жоғары ұпай саны: 2
Дұрыс жауап :
заңды жеңілдетіп, орталықтандырылған жүйе құрып, халықпен тұрақты жұмыс жүргізу, жарнама компаниялар мен дін тұрғысынан халықты ақпараттандыру