Skip to content

«Сән қуған дәрумендер ме, әлде ағза сұраған қажеттілік пе?»

  1. Мәнмәтін.

              «Сән қуған дәрумендер ме, әлде ағза сұраған қажеттілік пе?»

Соңғы жылдары дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) қолдану кеңінен танымал бола бастады. Әлеуметтік желілерде көптеген адамдар күнделікті түрлі дәрумендерді қабылдауды насихаттайды. Кейбіреулер оларды иммунитетті күшейту, энергияны арттыру немесе сыртқы келбетті жақсарту үшін пайдаланады. 2025 жылға қарай әлем халқы жылына 193 миллиард доллар жұмсап, фармацевтикалық компанияларға үлкен пайда әкеледі деп болжануда. 

Алайда ғылыми зерттеулер көрсеткендей, адам ағзасы дәрумендердің көп бөлігін теңгерімді тамақтану арқылы ала алады. Дәрігерлер қосымша дәрумендерді тек нақты жетіспеушілік анықталған жағдайда немесе ерекше физиологиялық күйде (жүктілік, ауру, т.б.) ғана ұсынады.Шын мәнінде, дәрумендердің пайдалы екендігі әлі дәлелденген жоқ. Сонымен қатар, кейбір дәрумендерді (әсіресе майда еритін дәрумендер) шамадан тыс қолдану ағзада жиналып, уытты әсер беруі мүмкін.

Дәрумендерді биологиялық қоспа ретінде алғаш Америка елі 1930 жылдары аштық салдарынан тағамға қосымша жетіспеушілікті толтырады деген ұсыныммен қолданған. Ағзаны дәруменмен қамтамасыз ету үшін айқын түсті көкеністер мен жемістерді, сүт өнімдерін, балық пен жоғары сапалы ет, жаңғақтарды күнделікті тұтыну қажет.

Тапсырмалар:

  1. Мәнмәтінде  2025 жылға қарай адамдар дәрумендерге 193 миллиард доллар жұмсайды делінген. Бұл көрсеткіш нені білдіреді?

A) Барлық адамдар дәрумен қабылдайды
B) Дәрумендерге сұраныс артып келеді
C) Дәрумендер пайдалы
D) Дәрігерлер дәрумен ұсынады

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  В

2. Мәнмәтіндегі қай тұжырым ғылыми дәлелге негізделген?

A) Дәрумендер энергияны бірден арттырады
B) Адам ағзасы дәрумендерді тек қоспалардан алады
C) Теңгерімді тамақтану дәрумендердің негізгі көзі болып табылады
D) Барлық адамдар дәрумендерді міндетті түрде қабылдауы керек

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  С

3.Неліктен дәрігерлер дәрумендерді тек нақты жетіспеушілік кезінде ғана қабылдауды ұсынады? Дұрыс тұжырымды белгіле

Тұжырымдардұрысдұрыс емес
Себебі дәрумендердің пайдалы екендігі әлі дәлелденген жоқ  
Себебі иммунитетті күшейтеді, энергияны арттырады, сыртқы келбетті жақсартады  
Себебі шамадан тыс қолдану ағзада уытты заттардың көп жиналуынан кері  әсер етуі мүмкін  
Себебі ағзаға қажетті дәрумендерді дұрыс тамақтану арқылы алуға болады.  

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны:  

Дұрыс жауап :  Шамадан тыс қолдану ағзада уытты заттардың көп жиналуынан кері  әсер етуі мүмкін

4. «Қазақстанның жан басына шаққандағы негізгі азық-түлік өнімдерін кг-мен тұтыну» диаграммасының мәліметтерін пайдалана отырып, қазақстандықтар ағзаны Д дәруменімен толық қамтамасыз ету үшін қандай азық-түлікті көбейту керек екенін анықта.

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Толық жауап

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  балық және теңіз өнімдері

5.Неліктен 1930 жылдары дәрумендерді қолдану ұсынылды?

A) Сәнге айналғандықтан
B) Спортшыларға қажет болғандықтан
C) Аштық салдарынан қоректік заттар жетіспегендіктен
D) Барлық адамдарға міндетті болғандықтан

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  С

 6. Ағзаны табиғи жолмен дәрумендермен қамтамасыз ету үшін қай тағамдарды тұтыну қажет?

A) Тек тәтті тағамдар
B) Тек ет өнімдері
C) Әртүрлі түсті көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, балық, ет, жаңғақтар
D) Тек дәрумен таблеткалары

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  С

7. Төмендегі пікірлердің қайсысы дұрыс?

A) Дәрумендерді тек қоспа түрінде алу қажет
B) Табиғи тағамдар дәрумендердің маңызды көзі болып табылады
C) Дәрумендер тек ауру адамдарға қажет
D) Көкөністерде дәрумен болмайды

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  В

8. Егер адам тек биологиялық қоспаларға сеніп, табиғи тағамдарды аз тұтынса, қандай мәселе туындауы мүмкін?

A) Ағза барлық қажетті заттарды толық алады
B) Қоректік заттардың теңгерімі бұзылады
C) Денсаулық автоматты түрде жақсарады
D) Ешқандай өзгеріс болмайды

Бағалау кестесі

Жауап форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 1

Дұрыс жауап :  В

9. Неліктен табиғи тағамдарды тұтыну дәрумен қабылдаудан тиімді деп есептеледі?

ТұжырымдарКелісемінКеліспеймін
Себебі табиғи тағамдарда дәрумендермен қатар басқа да пайдалы заттар болады  
Себебі табиғи тағамдар ағзаға жақсы сіңеді.  
Себебі табиғи заттарға қоспа қосылмайды  
Себебі табиғи тағамдарда тек дәрумендер көп кездеседі  

Бағалау кестесі

Жауап форматы: Екі дұрыс жауапты таңдау

Жоғары ұпай саны: 2

Дұрыс жауап :  Себебі табиғи тағамдарда дәрумендермен қатар басқа да пайдалы заттар болады -1 б

Себебі табиғи тағамдар ағзаға жақсы сіңеді.-1 б